Қарағандыда лифт құлап, бір адам қаза тапты

Қарағандыда салынып жатқан тұрғын үйдегі лифт істен шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Вечерняя Караганда» мәліметінше, лифттің ішінде екі құрылысшы болған. Олардың біреуі оқиға орнында қайтыс болған.

«Байқаусызда адамның өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», — дейді Полиция департаментінің өкілдері.

Екінші құрылысшы ауруханада жатыр. Жағдайы ауыр.