Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап.

«Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалсын», — делінген Ақорданың баспасөз қызметіне жариялаған мәтінде.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жаңа премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын «AMANAT» партиясынан Президентке Ерлан Қошанов ұсынған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың қалған фракцияларымен талқылады.

Мәжіліс жаңа премьер-министрдің кандидатурасын бекітті.

 

Qazaq.today