5 балл: Түркияның оңтүстігінде тағыда қауіпті жер сілкінісі болды

Түркияның оңтүстігінде Адана провинциясында 5 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Qazaq.today.

Төтенше жағдайлардың салдарын жою басқармасының (AFAD) ақпаратына сәйкес, жергілікті уақыты бойынша сағат 19:07-де Қозан ауданында жер сілкінген.

Жер сілкінісінің эпицентрі шамамен 20 шақырым тереңдікте орналасқан. Зілзала салдарынан зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар туралы ақпарат түспеген.

Еске салайық, Түркияда 2023 жылдың 6 ақпанында жер сілкініп, салдарынан 11 қаласы қираған еді. Аппаттың кесірінен 50 мыңға жуық адам көз жұмды.