Темірау қаласында алты адам жасөспірімді 3 мың теңгеге бола жабылып, соққыға жыққан. Кезекті қатыгездік туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланып кеткен, деп хабарлайды Qazaq.today.
«Кеше інімді алты адам аяусыз соққыға жықты. Белгісіз адамдар оның үстіне секіріп, алтауы бірге бір адамды ұрды. Мұрнын сындырып, құлағынан қан аққан, бас миы шайқалып, саусағы мен тісі сынған. Олардың мақсаты — інімді тонау болды. Небәрі 3 мың теңге үшін осындай қатігездік жасады», — деді жәбірленушінің әпкесі.
Қарағанды облысының полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, қазіргі уақытта күдіктілерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.