Фото: Reuters/Blair Gable
Юлия Навальная ВВС-ге берген сұхбатында ресейліктерге үндеу жасап, Ресейге оралған жағдайда, президенттік сайлауға түсуге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Менің мақсатым – елімді мүмкін өзгерістерге жетелеу, сондықтан Ресейге оралып жатсам, міндетті түрде президенттікке кандидат ретінде қатысамын», – деді Ресейдің колониясында қайтыс болған оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың жұбайы.