Талғар ауданының полиция басқармасы кейбір күдіктілердің пробациялық қызметте тіркеуде тұрғаны туралы сыбыстардан кейін тексеру жүргізетінін уәде етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Полиция бірден іске кірісті. Алдымен жеті күдікті ұсталды, кейін тағы үш адам қосылды. Пробациядағы адамдардың неге түнде жүргенін анықтау үшін жергілікті полиция тексерілуде. „Хуторские“ ұйымдасқан қылмыстық тобы базада жоқ. Қазіргі уақытта Шерзаттың әкесі қолында пышаққа ұқсас зат ұстаған деген сараптама жүргізілуде», — деп мәлімдеді ішкі істер министрінің орынбасары Бауыржан Аленов.
Сондай-ақ ол істің ерекше бақылауда екенін атап өтті:
«Қазір көптеген болжамдар мен жалған ақпараттар бар. Бұл тергеу тобының жұмысын айтарлықтай қиындатып отыр, себебі олар қоғамның үлкен қысымына ұшырауда. Тергеу құпиясы бар, бірақ жалған ақпарат ағымын тоқтату үшін бүгін брифинг өткізуге шешім қабылдадық».