Сайлауға 6,5 милионға жуық адам дауыс берген. Орталық сайлау комиссиясының отырысында комиссия басшысы Нұрлан Әбдіров Мәжілістің кезектен тыс сайлауының түпкілікті қорытындыны жариялады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы.
«Сайлау заңнамасына сәйкес, республиканы тұтас алғанда Мәжіліс депутаттарының сайлау қорытындыларын ОСК сайлаудан кейін 10 күн өткен соң анықтайды және жариялайды. 20 наурызда ОСК алдан ала нәтижені жариялады. Ал бүгін Мәжіліс депутаттарының түпкілікті қорытындыларын шығарамыз», — деді Нұрлан Әбдіров.
Ол атағандай, сайлаушылардың нақтыланған тізімдеріне сәйкес саяси партиялар үшін және бәріне қарсы 6 млн 366 мың 441 дауыс берілген.
«Республика болйынша сайлаушылдардың дауысы келесідей бөлінген:
«Ақ жол» партиясы — 535 мың дауыс – 8,41 пайыз, 6 мандат;
«AMANAT» партиясы — 3,4 млн дауыс- 53,90 пайыз, 40 мандат;
«Ауыл» партиясы – 693 938 дауыс – 10:90 пайыз,8 мандат;
«Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясы – 331 058 дауыс – 5,20 пайыз,4 мандат:
«Қазақстанның халық партиясы» — 432 920 дауыс – 6,80 пайыз,5 мандат;
Respublıka партиясы – 547 154 – 8, 59 пайыз,6 мандат.