Республика күніне орай ел тұрғындары үш күн демалады

Биыл қазан айында ел тұрғындары 9 күн демалады. Республика күні жұмаға сәйкес келеді. Сондықтан бес күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

25 қазан, жұма – Республика күні;
26 қазан, сенбі – әдеттегі демалыс;
27 қазан, жексенбі – әдеттегі демалыс.

Жалпы ел тұрғындары қазан айында 9 күн демалады.

Алда келе жатқан атаулы күндер тізімі келесідей:

19 қазан – Құтқарушылар күні;

20 қазан (қазан айының үшінші жексенбісі) – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні;

24 қазан – Кітапханашылар күні;

27 қазан (қазанның соңғы жексенбісі) – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні;

29 қазан – Күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні;