Алматыда жедел жәрдем қызметкері шақыртумен барған жерде ұрлық жасаған. Фельдшер есінен танып құлаған әйелдің мойнындағы алтын алқасын шешіп алып, сатып жіберген деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.
Оқиға осы жылдың қыркүйек айында орын алған.
«Масқара! Бұл оқиға Алматыда болды. Өзі ессіз құлап, жедел жәрдем көмегіне жүгінген науқастың алтын алқасын фельдшер шешіп алған! Мұны кейін байқаған баласы полицияға арыз жазып, бейнекамераны көрсетуді талап етіп, ақыры ұры анықталады. Жедел жәрдем ішінде құны 1,5 млн. теңгелік алқаны сыпырып жатқанын көріп тұрсыздар», — деп жазды журналист Гүлмира Әбіқай.
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекеменің қызметкерінің әрекеті әшкере болған. Масқара оқиға жайында басқарма ешқандай мәлімдеме жасамады. Ал фельдшер оңай олжасын сатып үлгерген.
«Эххх… не дейміз, тексіз қайда жүрсе де, қандай мамандық иесі болса да тексіз!
Айтпақшы, фельдшер алтын шынжырды ломбардқа өткізіп үлгеріпті.
Науқас аман-есен аяқтан тұрды, ал қарабет неге фельдшер жұмыстан босатылған. @almaty_gorzdrav жәй ғана босатпай емдеу мекемелеріне, науқасқа ешқашан жақындамайтындай қара мөр басу керек еді!», — деп жазды журналист.