Алматыда 66 жастағы әйел күйеуінің үстіне керосин құйып, тірідей өртеп жіберді

Алматы полициясы желіде пайда болған айуандық кісі өлтіру туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желілерде зейнеткер күйеуіне керосин құйып, өртеп жіберген туралы ақпарат тарады.

«Кісі өлтіру фактісі бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мән-жағдайлар анықталуда», – деп хабарлады полиция департаменті.