WhatsApp мессенджері не үшін жиі бұзылады, одан қалай қорғануға болады?

«Менің уатсабым бұзылды, менің атымнан қарыз сұраған адамдарға ақша жібермеңіздер!», «Сілтемені баспаңыздар!»

Бұл сияқты хабарламаны соңғы кезде әлеуметтік желіде жиі көретін болдық.

Менің бірталай танысымның уатсапбы бұзылды. Маған да ақша сұрап жазды.

Адамдардың WhatsApp мессенджері не үшін жиі бұзылады?

Жауап берейік. Қорғаныңыз. Қолданыңыз. Таратыңыз.

1. Фишинг шабуылдары: Қолданушылар күдікті сілтемелерді басып, өздерінің құпия сөздерін немесе жеке мәліметтерін енгізеді. Сол арқылы алаяқтар аккаунтқа кіруге мүмкіндік алады.

2. Қосфакторлы аутентификацияның жоқтығы: Егер қосфакторлы аутентификация қосылмаған болса, аккаунтты бұзу әлдеқайда жеңіл болады. Бұл қауіпсіздік деңгейі қолданушының телефонына қосымша код жіберу арқылы аккаунтты қорғауға көмектеседі.

3. Әлсіз парольдер: Жеңіл әрі қарапайым парольдер аккаунттарды бұзу оңай болатын себептердің бірі.

4. Жалған WhatsApp нұсқалары: Кейбір қолданушылар ресми емес немесе күмәнді жерлерден жүктелген WhatsApp нұсқаларын пайдаланады, бұл хакерлерге мүмкіндік береді.

Сондықтан жеке деректерді қорғау үшін күмәнді сілтемелерді баспау, қосфакторлы аутентификацияны қосу, қауіпсіз парольдерді қолдану, және ресми қосымшалармен ғана жұмыс істеу өте маңызды.

Егер уатсап ендігі бұзылып, басқаларға СМС кетіп жатқан болса, өз аккаунтыңыздан түгел шығып кетіп, қосымшаны өшіріп, қайта жүктеп, қайта тіркеліңіз. Бірақ, WhatsApp-тағы барлық мұрағат хаттар жойылады.

 

Мейіржан Әуелханұлы, IT маман, журналист