Біреулер үшін бұл театр: Талғардағы шулы оқиға сотының ашық өтуіне қатысты депутат пікір білдірді

ІІМ бұрынғы орынбасары, қазіргі Сенат депутаты Марат Қожаев Талғардағы оқиғаға қатысты сот отырысы ашық өткізілсін деген халық талабына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ашық сот өткізу сот шешіміне байланысты. Қоғамның бір бөлігі ашық сот болсын деп талап етсе, кейбіреулерге бұл керек емес. Енді біреулер үшін бұл театр болып кетеді. Меніңше, кейде қоғамның осындай күрделі мәселелерін ашық түрде талқылау керек шығар», – деп пікір білдірді Қожаев.

Ол аталған жағдай қоғамның ғана емес, құзырлы органдардың да толық бақылауында екенін атап өтті.

«Қазір бұл істі Ішкі істер министрі мен прокуратура бақылауына алды. Менің ойымша, іс заң аясында объективті түрде тергеледі. Қоғамдағы осындай мәселені ашық түрде талқылау керек деген ойдамын», – деді Марат Қожаев Сенаттың жалпы отырысынан соң.