Отан туралы тақпақтар мен өлеңдер

Қазақстан туралы тақпақтар

1) Қазақстан – атамекен, құт қонған жер

Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.
Көкорай белестері мақпал кілем,
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.

2) Қазақстан – замананың заңғары

Қазақстан, замананың заңғарында,
Халқыма мекен болған жайлауың да.
Алатау ақ самайлы басын иген,
Қайратты қарт Қаратау қойнауында.


Отан туралы тақпақтар

1) Отаным – сенсің тірегім

Кең жазық Отан мекенім,
Сен де өсіп көктедім.
Сені қорғау парызым,
Мұны біліп өтемін.

2) Туған жердің төсінде

Туған жердің төсінде ұлан асыр,
Ат шаптырған, жамбы атып той боп жатыр.
Тәуелсіз ел атанған жиырма жылым,
Сияқты бақ дарыған жиырма ғасыр.


Туған жер туралы тақпақтар

1) Туған жерім – менің мақтанышым

Ұлан байтақ жері бар,
Пайдалы қазба кені бар.
Тәуелсіз ел — Қазақстан,
Көркіне көркі жарасқан.

2) Қазақстан – тәуелсіз ел

Тәуелсіз азат елім,
Туып өскен- байтақ жерім.
Мәңгі жайнап тура бер,
Қазақстаным менің!

3) Менің Қазақстаным

Туған жер — ата қоныс, атамекен,
Бауыры талай жанға болған мекен.
Әр ұлттың басын қосқан бір арнаға,
Қазақ елі — ұлы ел, менің өлкем.


Қазақстан туралы басқа тақпақтар

1) Отаным – Қазақстан

Отаным менің Қазақстан,
Мәңгілік сенімен мақтанам.
Саяңда жүрсем әрдайым,
Күлімдеп жүрем бақ табам.

2) Менің елім – Қазақстан

Отаным менің — Қазақстан,
Ыстық қой сенің топырағын.
Орманын, көлін, бау-бағын,
Қастерлеген қазағым.