Талғар қаласында оқушыны жабылып өлтірген күдіктілер облыс орталығына ауыстырылды. Дүйім елді дүрліктірген қаскөйлер енді Қонаев қаласындағы тергеу изоляторында жатады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұған дейін жәбірленушілер ұсталғандардың Талғарда қазы жеп, құс төсекте жатқанын мәлімдеген еді,
«Күдікті деп танылып, ұсталған 7 адам Қонаев қаласындағы тергеу изоляторына ауыстырылды. Олардың үстінен ҚР ҚК 99 баптың 2 бөлігі бойынша, кәмелеттік жасқа толмаған баланы өлтіргендері үшін қылмыстық іс қозғалған», — деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, қалған қатысушылар бостандықта. Оларға құқықтық баға берілген соң шешім қабылданады.
Қамалғандардың арасында бұған дейін де қылмыс жасағандары бар. Олар пробациялық бақылауда жүрген. Алайда олар мінез-құлықтарын түзегеннің орнына, тағыда қылмысқа барған.