Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 10 қазанда Ұлттар лигасының 3-туры аясында Аустриямен кездеседі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Ұлттар лигасының 3-туры аясында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Аустриямен кездеседі. Матч Линц қаласының «Райффайзен Арена» стадионында өтеді.
Аталмыш ойын Астана уақыты бойынша сағат 23:35-те басталады. Матчтың тікелей көрсетілімін «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.
Сондай-ақ үш күннен кейін, 13 қазанда ұлттық құрама Словенияны қабылдайды. Ойын Алматының Орталық стадионында сағат 18:00-де басталады. Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы биылғы Ұлттар лигасы маусымындағы алғашқы ойында Норвегиямен кездесіп, тең түскен болатын (0:0).
Ал аталмыш турнирдің 2-турында Словения құрамасына қарсы сырт алаңда өткен ойында Қазақстан құрамасы жеңіліс тапты (0:3).
Фото: kff.kz