Жеке өміріне қол сұққан: Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуін соттатып жіберген

Танымал журналист, экс-сенатор, тележүргізуші Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуін соттатып жіберген. Ол әріптесі Динара Сәтжанға берген сұхбатында бұрынғы күйеуінің қитұрқы әрекеттері туралы ашық айтқан. Ол жерде Дана Нұргіжіт өзінің бұрынғы күйеуін соттатып барып құтылғаны айтылған, деп хабарлайды Qazaq.today.

Сұхбаттың толық нұсқасы әлі шықпаса да, оның анонсын журналистің өзі жариялады.

«Мен жарты жыл депрессияда жүрдім. Психотерапевтермен жұмыс істедім», — дейді Дана Нұржігіт сұхбаттың үзіндісінде.

Журналист ажырасқан соң да бұрынғы күйеуінің қудалауынан құтыла алмаған. Ол бұрынғы әйелін аңдып, сыртынан бақылаған.

«Олар өзінің құрбаны жайлы ақпарат іздейді. Алайда сталкер сенің бұрынғы күйеуің болса, бәрі одан бетер тез өрбиді. Бірақ Дана мойымай, сотта бұрынғы күйеуі кінәлі екенін дәлелдей алды. Осы жазда оны Қылмыстық кодекстің 147 бабы бойынша 3 жылға шартты түрде соттады. Ол жеке өмірге қол сұқпау тәртібін бұзған», — деп жазды Динара Сәтжан.

Еске салайық, Дана Нұржігіт бірінші күйеуімен де ажырасқан. Алғашқы некесінен туған ұлы бар. «Хабар» агенттігінің бұрынғы басшысы Владимир Рерих дүниеден озғанда, тележүргізуші «Кешір мені» деген жазба жариялады.