Референдумға байланысты тәртіп сақшылары күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Qazaq.today.
ІІМ мәліметінше, бүгіннен бастап ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауысты.
— Полиция қызметкерлері дауыс беру бюллетеньдері жеткізілген сәттен бастап учаскелер маңында қызмет етеді. Сондай-ақ, олар дауыс беру құжаттамасын жеткізуге атсалысады, – деп мәлімдеді ведомство.
Ел бойынша қоғамдық тәртіпті 33 мыңға жуық қызметкер қамтамасыз етеді, оның 18 мыңы сайлау учаскелеріндегі тәртіпті қадағалайды.