Мас әйел машинамен шұңқырға түсіп кетіп, бірнеше үйді газсыз қалдырды (ВИДЕО)

Апат бүгін таңертең болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Бірақ сараптама оның мас болғанын анықтады.

«Хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін іс сотқа жолданды», — деп хабарлады Ақтөбе облысының Полиция департаменті.

Апат кесірінен газ құбыры зақымдалып, көп қабатты сегіз үйдегі 560 пәтер газсыз қалды. Қазір апаттан құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.