Астанада көше бойынан 20 жастағы қыздың денесі табылды

Фото: depositphotos.com

Астанадағы Бейімбет Майлин көшесінің бойында 20 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл ақпаратты редакция қалалық полиция департаменті растады. Марқұмның денесін көшедегі адамдар көрген.

«Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция 20 жастағы бойжеткеннің кім екенін анықтады», — деп хабарлады полиция.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйекте қаладағы қаңырап бос тұрған ғимараттардың бірінен 14 жастағы оқушы қыздың мәйіті табылған болатын.