Ақорда Дәурен Қосановтың Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары — Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазылған құжатта.