Президент Тоқаевқа қастандық жасалмақ болды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Мемлекет басшысының Түркістан облысындағы кортежінің жүру бағытын тексеру барысында Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері қару-жарақ жасырылған орынды тапты.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтау және күдіктілерді ұстау үшін қажетті жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізілуде.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.