Тәліптер Алматыдағы бизнес форумға келеді

Алматыда Ауғанстан және Қазақстан тараптарының бизнес форумы өтеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Сауда және интеграция министрлігінің ақпаратына сүйенсек, іс-шара 20-22 қазан аралығына жоспарланған.

Бизнес форумнан бөлек, іс-шара аясында ауған тауарларының көрмесі де ұйымдастырылады.

«Делегацияның Ауғанстаннан Қазақстанға сапары аясында ауқымды бизнес форум өтеді. Ауғанстан экономикасының түрлі салаларынан 250-ден аса кәсіпкер өз тауарлары мен қызметтерін ұсынады», – деп жазылған хабарламада.