Мемлекет басшысы ҰҚК орынбасарларын тағайындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының өкімімен:

    • Марат Қабиденұлы Жұмабаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымына тағайындалды;

 

    • Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды;

 

    • Бақытбек Жамалбекұлы Қосжанов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.