Алматыда тағы бір жасөспірім биік үйден құлап, мерт болды

Алматы қаласында тағы бір қайғылы оқиға орын алды: бұл жолы 18 жастағы жігіт биік ғимараттан секіріп, мерт болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Оқиғаны Алматы полициясының баспасөз қызметі растады.

«Осы факті бойынша Алматы қаласы Әуезов ауданының полициясы қылмыстық іс қозғады. Қосымша мәліметтер анықталып жатыр», — деп хабарлады полиция департаменті.

Айта кетейік, бұл 12 қыркүйектен бастағанда суицидке байланысты тіркелген алтыншы адам өлімі.