«Ауыл» партиясының атынан Алматы қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Жасұлан Қожанов өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Кандидаттың жеті пункттен тұратын бағдарламасында негізінен қазақ ұлты шоғырланған Алатау ауданын дамыту жолдары көрсетілген және шешу жолдары ұсынылған, деп хабарлайды Qazaq.today.
Мәселен, кандидаттың айтуынша, шаһар бюджетінің 35 пайызы тиесілі Алатау ауданынан жаңа өндіріс желілерін ашу арқылы жұмыс орындарын көбейтуге әбден болады. Осылайша жақын аудандардағы азаматтардың 50 пайызын жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады.
Материалдың ақысы Алматы қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Жасұлан Қожановтың сайлау қорынан төленді.
Qazaq.today