«Таза жеңілдіңдер, неге өтірік ақымақ болып отырсыңдар?»: Журналист көкпардағы төбелестен кейін өз пікірін білдірді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар турнирінің финалында Қырғызстан мен Қазақстан құрамалары кездесіп, ойын соңы жаппай төбелеске ұласты, деп хабарлайды Qazaq.today.

Бірінші таймның аяқталуына 6 минут қалғанда 1:3 есебімен Қырғызстан құрамасының пайдасына ипподромда жанжал шықты. Спортшыларды ажырату үшін құмға полиция қызметкерлері шықты.

Жарты сағат өткен соң ғана матч жалғасып, командалар алаңға оралды.

Ойын әділ өткен жоқ деп есептейтін қырғыз азаматтары үшін журналист Жалғас Зейноллаев өз пікірін айтты.

«Қырғыз бауырлар, таза жеңілдіңдер ғой, неге мойындамайсыңдар? Ұлан Манасты қамшымен тартып жіберді, ол үшін ойыннан шеттетілді, жазасын алды. Ол түгілі қырғыздар өз ішінде көкбөрі ойнағанда да өзара бірін-бірі өлтіріп қоя жаздайды, қазақтар өз арасында көкпар ойнағанда да ерегестер болады. 2018 жылы Ыстықкөлде финалда қазақ көкпаршысын ауруханадан бірақ шығарғанда бір қырғыз келіп кешірім сұрады ма? Бұл ойынның осындай екенін бірінші рет көріп тұрғандай неге өтірік ақымақ болып отырсыңдар? Қашан да әйтеуір қол сермеп, шулап жеңіліп жатсаңдар әділетсіз деп шыға келесіңдер! Әлде ала алмай кеткен өштерің бар ма еді? Таза салымдармен озды ғой сендерді, неменеге бөрінің көтіндей шулап жатырсыңдар? Керісінше сендердікі ұят! Осыны жеткізіп таратып қойыңыздар!»