Қайрат Нұртас денсаулығы сыр бергенін айтты (ВИДЕО)

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас денсаулығы сыр беріп, ем қабылдап жатқанын айтты.

Өнер иесі сырқаттанып қалғанын Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Ол система қабылдап жатқан сәтінен видео жариялады. Бейнежазбада әншіге үлкен ұлы Нарұлдың тамақ беріп жатқанын көруге болады.

Жаным менің, әкесі ауырып қалған кезде тамақ беріп жатыр, — деді Қайрат Нұртас.