Қоғам белсендісі үндеу жасады

Қоғам қайраткері Тоғжан Қожалы сайлауға 4 күн қалғанда видеоүндеу жасады, деп хабарлайды Qazaq.today. 

“Бір мандатты округтер арқылы саяси додаға түсіп жатқан тәуелсіз кандидаттардың топ жаруы – бір ғана жағдайда мүмкін… Егер сайлаушылар қапысыз сенім артып, жабыла дауыс берсе, ол үміткер міндетті түрде депутат атанады. 2004 жылдан кейін алғаш рет қолданысқа енген можаритарлық жүйенің берер мүмкіндігі де осы.

Мен, Сіздер сенім артқан Тоғжан Қожалы, бұл мүмкіндікті пайдалануға толық құқым бар деп есептеймін. Осы ролик арқылы мен сайлаушыларымнан қолдау күтемін, сіздердің дауыстарыңыз бен сенімдеріңіздің арқасында біздің ел қарқынды дамып, қауіпсіз әрі өмір сүруге жайлы мемлекетке айналады. Жүрекжарды бұл монологымды маған үміт артқан сайлаушыларыма, пікірлес достарыма, барша отандастарыма арнадым!”,- деді кандидат өзінің инстаграм парақшасында.


Qazaq.today