Мұрат Әбділдә ақыры бостандыққа шықты

Бұл туралы танымал гитарист Ақсұңқар Жүнісбаев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

«09.09.2024. Алланың қалауымен Мұрат Әбділда ұлдарыңыз бостандыққа шықты», — деп жазды өнер иесі.

Еске сала кетсек, Мұрат Әбділда 2022 жылы әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық араздықты қоздырды деп 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол көпшілікке әндерінен бөлек, желідегі эфирде былапыт сөздерімен танымал болған-тын. Жазасын өтеп жүргенінде «Енді ешқашан ешкімді балағаттамаймын» деп сұхбат берді.

Фото: коллаж inbusiness.kz