Батыс Қазақстан мен Ақтөбеде 50-ге жуық үйді су басты

Қызыл су Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының тұрғындарын әбігерге салып жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті.

«Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында күрделі жағдай қалыптасып отыр. Жалпы 51 үйді су басты. Оның 45-і — Батыс Қазақстан облысында болса, 6 – Ақтөбе облысы аумағында. 240 адамның 20-дан астамы уақытша эвакуация пунктіне орналасты, қалғандары туыстарының үйіне кетті», — деді министр Үкімет кулуарында.

Министрдің айтуынша, мониторинг жұмыстары жалғасуда, жол жабынында 26 су тасқыны байқалған еді, оның 13-і тоқтатылды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Орал қаласында төтенше жағдай жарияланды. Сондай-ақ, БҚО-ның Бәйтерек, Бөрлі аудандарында да жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Еріген қар суы кәрір жүйесін толтырып жібергендіктен, Ақсай қаласы тұрғындарына су күніне 2 сағат қана беріліп жатыр.

 

Qazaq.today