Әлеуметтік желіде қатты соққыға жығылған ер адамның суреті тарап жатыр. Оны сондай күйге үш жасөспірім жеткізгені хабарланды. Олардың жеке басы анықталды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Таратылған кадрлар ер адамның танымастай етіп ұрып-соққанын көрсетеді. Алматы облысының прокуратурасы бұған дейін 50 жастағы ер адамды соққыға жыққан үш кәмелетке толмағанның ұсталғанын хабарлады.
Жәбірленуші жансақтау бөлімінде жатыр.
ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының екінші бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Егер күдіктілер кінәлі деп танылса, 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Qazaq.today