Қазақстандықтар қыркүйекте қанша күн демалады

Қыркүйек айында стандартты кестедегі қазақстандықтар, сондай-ақ оқушылар мен студенттер 21 жұмыс күні мен 9 күн демалады.

Қазақстанда қыркүйекте дәстүрлі түрде мерекелік күндер жоқ, дегенмен ата-аналар 1 қыркүйекті ресми демалыс күні етуді сұрайды. Алайда, биылғы жылы «Бірінші қоңырау» өзі жексенбіге түсіп тұр. Салтанатты жиынға 1-ші және 11-ші сынып оқушылары шақырылған.