Астанада мопед жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолда тұрған КамАЗ-ға соғылып, оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
Жол апаты қаланың сол жағалауында 25 тамыз кешкі 21:14-те болған.
«Қабанбай батыр даңғылы жақтан Ақмешіт көшесіне қарай Сарайшық көшесінің бойымен келе жатқан мопед жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолда тұрған «КамАЗ» автокөлігіне соғылған. Жол апаты салдарынан мопед жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», — деп мәлімдеді Астананың полиция департаменті.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған, тергеу жүріп жатыр.