Фото: Stan.kz
Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы айыпталушының денсаулығына байланысты кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бүгінгі сот отырысында Гүлмира Сатыбалдының адвокаты Әсемгүл Даниялова айыпталушының аллергиясы қозып, бүйрегі ауырып отырғанын айтты. Бұл жағдайды бүгін білгендіктен, алдын ала ештеңе істей алмадық деді.
Судья мұндай жағдайда отырысты жалғастыра алмайтынын айтып, процесті 27 тамызға қалдырды.