Қазақстан мен Тәжікстан президенттері ұлттық тағамдар көрмесін аралады

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері ауыл шаруашылығы өнімдері мен ұлттық тағамдар көрмесін аралап көрді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонға көрмеде көкөністер мен жемістер таныстырылды.

Бұдан бөлек, мемлекеттер басшыларына ұлттық тағамдар, соның ішінде аспаздар ерекше талғаммен әзірлеген палау түрлері,  таба нандар мен күлшелер көрсетілді.