Жетісу облысында шекарадан 80 мың ампула дәріні заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Жетісу облысында шекарадан 80 мың ампула дәріні заңсыз алып өтпек болған, деп хабарлайды Qazaq.today. 

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2024 жылғы 16 тамызда «Алтынкөл» теміржол өткізу пунктінде дәрі-дәрмектердің ірі партиясын алып өтудің жолы кесілді.

— Шығу тегі белгісіз 80 мың ампула мөлшеріндегі ілеспе құжаттары жоқ дәрілік заттар теміржол контейнерінен табылды. Жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін облыстық экономикалық тергеу департаментіне берілді, –  делінген ҰҚК хабарламасында.