«Енді көпбалалы анамын, бақыттымын»: Баян Мақсатқызы жазба жариялады

Танымал продюсер Баян Алагөзова төртінші қызымен перзентханадан шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«Тілектеріңізге көп рақмет. Енді көпбалалы анамын және бақыттымын», – деп жазды Баян Мақсатқызы.

Айта кетейік, 50 жастағы продюсер төрт қыздың анасы атанды. Тамыз айының басында үшінші сәбиі өмірге келгенін айтса, араға екі апта салып тағы бір қызы өмір есігін ашқанын жеткізіп, таңғалдырды. Продюсер мен кәсіпкер қыздарына Алиса, Алма деп ат қойған.