Фото: ©Instagram/zhankoshturarov
Әлеуметтік желіде боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
19 тамызда сағат 23.00 шамасында Әуезов ауданына қарасты 5-шағынауданда зорлық болды деген хабар келіп түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері әйелдің Жанқош Тұраров зорлады деген арызын қабылдады. Оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.
Алматы полиция департаменті ақпаратқа қатысты пікір білдірді
«Арыз бойынша Әуезов аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Кәсіпқой боксшы 28 жастағы қызды зорлаған деген күдікке ілінді. Арыз 19-тамызға қараған түні, сағат 23:00 кезінде түскен. Зорлау оқиғасы Әуезов ауданындағы 5 шағын аудан, 39 үйдегі 72-пәтерде орын алған. Боксшы 1996 жылы туған Құрманәлі Әнару Қалдыбекқызын зорлаған.