Майк Тайсон өзінен 31 жас кіші боксшымен жұдырықтаспақшы (ВИДЕО)

Фото: boxingscene.com

Аты аңызға айналған боксшы Майк Тайсон (50-6-0,44КО) кәсіпқой рейнгке оралуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

boxingscene.com сайтының хабарлауынша, 5/8 жастағы Майк Тайсон 15 қараша күні Арлингтон (АҚШ) қаласындағы AT&T стадионында шаршы алаңға оралып, өзінен 31 жас кіші танымал блогер Джейк Полмен (10-1-0,7КО) жұдырықтасады.

Жепе-жек Netflix платформасында көрсетіледі, кәсіпқой бокс ережесімен 8 раундқа жоспарланған.

 

Айта кетейік, Майк Тайсон кәсіби мансабын 2005 жылы аяқтаған. Ол WBA, IBF және WBC нұсқасы бойынша ауыр салмақ категориясындағы әлем чемпионы атанған.