«Көп сөйлейді, ештеңе істемейді»: Назым Қызайбай боксшы Ангелина Лукас туралы ойын айтты

Париждегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай ұлттық құрамадағы бұрынғы әріптесі Ангелина Лукасқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«Әркім өз жолын таңдайды. Біреу жаттығу жасайды, нәтиже көрсетеді, енді біреу көп сөйлейді, бірақ ештеңе істемейді. Ангелина біраз нәрсе айтты. Ол сұхбатында Олимпиада ойындарына барғысы келетінін алға тартқан. Оған спаррингке қатысуға мүмкіндік те берілді. Меніңше, ол жеңіске жете алмайтынын білгендіктен де бас тартты. Егер шын қаласа, бәріне өзінің мықты екенін дәлелдейтін еді.

Ол ешқандай мүмкіндік жоқ екенін жақсы білді. Оны кіммен қойсаң да жеңе алмайтын. Ол жақта жеті адам болды, олардың қай-қайсысы да Ангелинадан мықты. Сондықтан келмегені дұрыс болды деп ойлаймын.

Мен оған тек сәттілік тілеймін, әрі қарай да кәсіпқой бокста өнер көрсетіп, нағыз чемпиондық атақтарға қол жеткізуіне тілектеспін», — деді Қызайбай Tengri Sport-қа бергент сұхбатында.