Фото: Pиа Новости
Куәгерлердің айтуынша, жантүршігерлік оқиға Алатау ауданы Райымбек даңғылы бойындағы «Ақкент» шағын ауданында болған. 3 жасар бала 7 қабаттағы терезеден құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бүлдіршін ата-анасы ұйықтап жатқанда, олардан бұрын оянып абайсызда терезеден құлап кеткен.
Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді.
“Алатау аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.