Түркістан қаласында салынып жатқан жаңа спорт кешеніне Әбдісалан Нұрмаханов есімі берілген. Бұл туралы журналист Аслан Қаженов айтты, деп хабарлайды Qazaq.today.
Журналистің айтуынша спорт кешені салына бастаған кезде әкім қаралар Бекзат Саттархановтың анасынан бұл кешен ұлының атында болатыны жайлы айтып, батасын алған.
Ал, қазір біткен соң даңықты боксшы Әбдісалан Нұрмахановтың аты беріліп кеткен. Жерлестерінің айтуынша қазақтың екі айтулы тұлғасына басқа жақтан да нысандар берсе жеткілікті болар еді дейді.