Sorting by

×

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері белгілі болды

Фото: ҚБФ

Қайрат Сәтжанов бокстан ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Қайрат Тұрсынханұлының бапкерлік өтілі 32 жыл. 2011 — 2019 жылдар аралығында жасөспірімдер құрамасында бапкер болды. 2019 жылы Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері қызметіне тағайындалды.

2021 жылы бокстан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындалып, өзінің алғашқы жарысында бокс тарихында үздік нәтижеге қол жеткізді.

Бұған дейін, бұл қызметті Мырзағали Айтжанов атқарған еді.