АЭС құрылысын салу жайлы шешімді физиктер мен инженерлер қабылдауы тиіс. Қоғам белсенділері мен саясаттанушылар Алматыда Қоғамдық кеңес пен Алматы Азаматтық альянс бірлестігі ұйымдастырған жария талқылауда осыдай пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq.today.
Қоғамдық тыңдаулар барысында атом электр станцияларының экологиялық таза энергия көзі ретіндегі артықшылықтары атап өтілді.
Сарапшылардың пікірінше, атом электр станциялары жаһандық жылыну мен климаттың өзгеруінің негізгі себептері болып табылатын көмірқышқыл газын, метанды және басқа парниктік газдарды шығармайды. Атом энергетикасы саласындағы жаңа жобалар Қазақстанның экологиялық және экономикалық тұрақтылығын нығайту үшін маңызды қадам болып табылады.
«Бұл олардың атмосфераға зиянын азайту және декарбонизацияға жету үшін күресте маңызды құрал. Жасыл энергия станцияларын құру арқылы біз көмірқышқыл газының шығарындыларын 70 миллион тоннаға дейін азайта аламыз», — деді Гүлмира Мурсалова.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мурсалова әртүрлі энергия көздерінің экологияға әсері туралы статистикалық деректерді ұсынды. Оның айтуынша, Қазақстанда көмірқышқыл газы шығарындыларының 80% — ы энергетика секторына тиесілі.
«Мен өз сөзімді, әлемнің климаттанушыларының климаттың өзгреруіне қатысты айтқан тенденциядан бастағым келеді. Қазақстанның ғалымдары соңғы 10 жылда орташа жылдық температура 2016 жылмен салыстырғанда шамамен 7% — ға артқанын айтуда. Бұл климаттың тым қысқа мерзімде, бір ұрпақтың көз алдында өзгеретінін білдіреді. Біз қазірдің өзінде климаттық күн тәртібінде белгіленген нормалардан асып отырмыз.Тұрақты даму мақсаттарының бірі болып табылатын осы өзгерістермен тиімді күресу үшін атом электр станцияларын салу қажет. Атом генерациясы төмен көміртекті энергия көзі екендігі қазірдің өзінде дәлелденген. Атом энергетикасын дамыту бізге тұрақты дамудың бірнеше мақсаттарына жетуге көмектеседі. Біріншіден, бұл таза энергияға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Екіншіден, бұл климаттың өзгеруіне қарсы күрес», — деді Энергетика және жасыл технологиялар институтының директоры Айнұр Бегімбетова.
Жасыл энергия көздеріне күн, жел, су электр станциялары, сондай-ақ атом электр станциялары кіреді. Сарапшы атом электр станциясының құрылысы алдағы референдумның оң нәтижесі болған жағдайда ғана жүзеге асырылатынын еске салды.
«Атом электр станцияларын салу мәселесі бойынша шешімдерді атомшылар, физиктер мен инженерлер қабылдауы керек. Бұл ел үшін маңызды және күрделі тақырыпты талқылайтын мамандардың арнайы тобы болуы керек. Біз Қазақстанның электр энергиясының тапшылығына байланысты артта қалуына жол бере алмаймыз. Сондай-ақ өркениеттің дамуы үшін күресуіміз керек. Біз ірі инвестициялар мен өнеркәсіптік кәсіпорындарды тартуымыз керек. Егер бізде энергетикалық ресурстар жеткіліксіз болса, мұны қалай жасай аламыз?», — деді қоғам қайраткері Бибінұр Ширалиева.
Қазақстанда АЭС салу бойынша жобаларды іске асыру жоспарлануда. Осыған байланысты жақын арада референдум өтеді. Алматыдағы жария тыңдаулар Қазақстанда есеп бойынша он тоғызыншы.
«Мен 2007-2008 жылдары Ақтауда WB300 реакторларымен Маңғыстау облысында АЭС жобасын алғашқылардың бірі болып ұсынғанмын. Сондықтан мен бұл тақырыппен бұрыннан таныспын. Біз көпшіліктің қысымымен көптеген түрлі шешімдер қабылдадық, алайда қалыпты нәтиженің орнына дағдарыстарға тап болдық. Мысалы, 2018 жылы сол кездегі Бас прокурордың басшылығымен энергетика секторына ауқымды тексеру жүргізіліп, «Тариф инвестиция орнына» бағдарламасы бұзылды. Осы салдардан 2022 және 2023 жылдары Қазақстанда алып энергетикалық дағдарысқа алып келді. 2018 жылы атом электр станциясына қарсы шыққандар тарифтерді төмендеткендерін айтты, бірақ нәтижесінде Риддер мен Екібастұз жабылды. Мұндай популистік шешімдер үлкен проблемаларға әкеледі. Атом электр станциясын салу туралы шешімді неғұрлым ұзақ кешіктірсек, соғұрлым бұл біздің болашағымызға әсер етеді», -деді саясаттанушы Марат Шибутов.
.