Фото: Instagram/sevdaalieva
Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев Париждегі Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан делегациясының ту ұстаушысының есімін жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
sportarena.kz ақпараты бойынша еліміздің көк туын алып шығу жауапкершілігі ату командасының құрамында қатысатын Севда Әлиеваға жүктеледі.
Әлиева Халықаралық паралимпиада комитетінің шешімімен Паралимпиада лицензиясын жеңіп алған болатын. Сонымен қатар, ол арба биі бойынша әлем чемпионы.
Севда Әлиеваның айтуынша, бұл оқиға ол үшін үлкен мәртебе.
Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында Парижде өтеді.
Айта кетейік, елімізден 9 спорт түрінен 33 спортшы қатысады.