Алматылық Зере Увайдоллақызы қазақ күйшілерінің шығармаларын үйірмелерге қатысу арқылы үйреніп алған. 5-сыныптың оқушысы мектептен соң міндеті түрде үйірмеге қатысады. Қолынан қоңыр домбырасы түспейтін Зере Сәлімбай бүгінде Құрманғазы, Тәттімбет, Дина, Дәулеткерей сынды қазақтың аты аңызға айналған күйшілерінің шығармаларын еркін орындайды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.
Ол көптеген қалалық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы атанып үлгерген.
«Домбыра тартқанда күшті сезімде боламын. Әрбір күйдің өзінің шығуына байланысты оқиғасы болады. Күйді сол оқиғаның рөліне кіріп тартамын. Аида Керімқызы мен Ботагөз айпайларымның арқасында 50 шақты күйді үйрендім. Ерке сылқым, Балбырауын, Адай күйлерін жақсы көрем, оларды тартқанда демалып қаламын.Қазақтың ұлттық төл өнері, аспабы домбыраны меңгергенімді мақтан тұтамын», — деді Зере Сәлімбай.
Жалпы Алматы қаласында балалар шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай жасалған. Білім басқармасына қарасты 123 қосымша білім беру мекемелерінде 33 879 бала үйірмелер мен секцияларға қатысады. 19 мемелкеттік мекемеде 26 мыңнан астам бала тегін үйірмелерге қатысса, 104 жеке ұйымдарда сегіз мыңға жуық бала баарды. Қалада Оқушылар сарайы, 7 аудандық Оқушылар үйі, өнер мектебі, 8 музыка мектебі бар. Ол жерлерде балалар қалауы бойынша вокалдық, хор, гитара т.б музыкалық аспаптарда ойнауды үйренсе, хореографиялық – заманауи, халық билерін үйренуге болады. Бейнелеу өнері студиялары, модельдеу, бисер тігу, сән театры, пішу және тігуден бөлек, ушу, каратэ, тоғызқұмалақ, шахмат, таевкондо, бокс, самбо, дзюдо сынды спорт үйірмелері де ашылған.
«Бағдарламалау – робототехника, технология кабинеті және т.б.; тілдік, математикалық бағыттар бойынша спорт секциялары, клубтар мен студиялар тегін жұмыс істейді. Әр қосымша білім беру мекемесінде 40 жуық үйірме түрлері бар. Жұмыс бағыты: көркем-эстетикалық, экология-биологиялық, туристтік –өлкетану, ғылыми –техникалық, бейнелеу және сәндік – қолданбалы өнері, әлеуметтік-педагогикалық, тілдік, аква, гидропоника, жаратылыстану-математикалық, жалпы-гуманитарлық және басқа да мамандандырылған бағыттар», — деп мәлімдеді қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда «Балалар мен театр» ұлттық жобасы қалада іске асырылуда. Балалар Алматы қаласындағы театрларға тегін барады. «Балалар мен театр» ағартушылық жобасын жүзеге асыру үйірмелер жұмысы арқылы жүзеге асырылады. Оқушылар Сарайында және №1, №6, №7 оқушылар үйлерінде «Шауқ», «Театр», «Балапан», «Актерлік шеберлік», «Таза мінсіз асыл», «Сахна лайк» театр үйірмелері жұмыс істейді.
«Мемлекеттік тапсырыс бойынша жыл сайын «Театрдың ғажайып әлемі» қалалық театр байқау-фестивалін өткізеді. Фестиваль жетінші жыл қатарынан өткізіліп, оған барлық жастағы топтардың балаларын тартады. Байқау жеңімпаздары «Театрдың ғажайық әлемі» республикалық театр өнері фестиваль — байқауына қатысады. Сондай-ақ, көрермендердің назарына «Мектептегі тетар» ретінде спектакльдер мен театр байқаулары ұсынылды, қамту ата-аналарды қоса алғанада 600 ден асты», — деді Алматы қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметі.
«Білімді ұлт» ұлттық жобасын жүзеге асыру мақсатында қосымша білім беру ұйымында тәрбие мен оқытуда отбасымен байланысты нығайту мақсатында «Әке мен бала» жобасы құрылды. Жоба аясында N1 Оқушылар үйінде Әкелер слеті өтуде. Байқаудың мақсаты – отбасы құндылықтарын ұлықтау, отбасылық қарым-қатынас пен рухани-адамгершілік дәстүрлерді қалыптастырудағы ер-азаматтардың рөлін арттыру және ұлттық салт-дәстүр негізінде ұрпақ тәрбиелеудегі ата-ананың рөлін қалыптастыру.
Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қаланың 1200 үздік оқушысын қабылдады. Концерттік іс-шаралармен қатар Халықаралық, Республикалық, қалалық, облыстық байқаулар мен фестивальдерде өнер көрсету оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырады.
Қаладағы үйірмелерге қатысу арқылы ондаған күйді еркін меңгерген Зере қазірде кезекті байқауға дайындалып жатыр. Қатысқан бауқаулардан жүлдесіңз қайтпайтын оқушы әліде биік белестерді бағындырғысы келеді.
«Домбыраны ешқашан тастамаймын. Бос уақытымда телефон қарамай, күй үйренуге, қолымды жаттықтырумен айналысамын. Көптеген байқауларға, фестивальдерге қатыстым, жүлделі орындар алдым. Бастауыш сыныпты 142-ші мектепте бітірдім. Қазір Ж.Жабаев атындағы №161 лицейдің оқушысымын. Күй тазалыққа, мейірімділікке жеетлейді адамды. Әрбір күйде қазақөтың тарихы, өмірі жатыр. Маған тарихты, тарихта өмір сүрген үлкен адамдардың өмірін білген қызық», — деді «Жас өркен» республикалық байқауының лауреаты Зере Сәлімбай.
Қоғамдық шығармашылық белсенділік оқушылардың сабақтағы және үйдегі жұмысына оң әсерін тигізетіні, жалпы музыкаға, өнерге деген қызығушылығын арттырып, мінез-құлық пен төзімділікті шыңдайтыны белгілі. Bilimalmaty.kz электронды порталында барлық қосымша білім беру ұйымдары туралы толық ақпарат бар. Бұл портал арқылы балалар мен ата-аналар ұйым, үйірмелер, ондағы бос орындар, үйірме жетекшілері туралы және басқа да қажетті ақпаратты алуға және балаларын тіркеуге мүмкіндік алады.