«Lexus аударылып қалды»: Павлодарда екі көлік соқтығысты

Соқтығыс салдарынан екі жүргізуші де медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы @Pavlodarnews.kz-ке cілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  сағат 07:00 шамасында Н.Назарбаев даңғылы мен М. Жұмабаев көшелерінің қиылысында «Газель» автокөлігінің жүргізушісі «Lexus» автокөлігіне соқтығысқан.

– Аталмыш жол апаты салдарынан 1968 және 1990 жылы туылған екі жүргізуші де медициналық көмекке жүгінді. Олар №1 қалалық ауруханаға жеткізілді, – дейді жедел жәрдем станциясында.

Қазіргі уақытта аталмыш оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.