Өткен оқу жылы қазақстандық оқушылар 424 медаль жеңіп алды

2023-2024 оқу жылында қазақстандық оқушылар 424 медаль жеңіп алды, оның 50-і алтын медаль. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап Qazaq.today басылымы хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылдан бастап халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне мемлекеттік қолдау қарастырылған.