Желіде ерекше қажеттілігі бар жігітті полиция ұстап алғаны туралы видео тарап кетті. Астана полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Qazaq.today сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Видеода ашуға булыққан әйелдің дауысы естіледі. Ол не үшін ер адамның полиция бөлімшесіне жеткізілгенін, оның қандай қауіп төндіретінін сұрайды.
“Неге алып бара жатсздар? Мұндай адамнан қандай қауіп бар? Мүгедектер арбасындағы бала не қауіп төндіруі мүмкін? Біз қарсыласпадық қой. Бүгін 8 тамыз”, – дейді әйел.
Астана полиция департаменті мүгедек арбадағы жігіттің ұсталмағанын хабарлады.
«Қылмыстық істің нәтижесінде Маңғыстау облысының тұрғыны «Есіл» аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді, сол уақытта әйел өзімен бірге қасында жүрген екі баласын бірге алып жүруді сұрады. Балаларының бірінің ерекше қажеттілігі бар», – деп түсіндірді департамент.
Түсіндірме жұмыстарынан соң әйел үйіне жіберілген.