Фото: ssmp43.ru
«Богатырь» компаниясының 24 кеншісі мінген автобус жол жиегіне аударылды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
— ПАЗ маркалы автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылған. Автобус салонында компанияның 24 қызметкері болған. Жол-көлік апаты салдарынан қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнында зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді,-деп хабарлады Павлодар облысы полиця департаментінің баспасөз қызметінен.